2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,9%-ға 3,7 трлн теңгеге ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 17,8%-ға өсу), ол негізінен сақтандыру қызметі және бағалы қағаздарға инвестициялар бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде болды.
2025 жылғы 1 қыркүйекте активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 73,1% (2,7 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,9% (254 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,6% (169 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2025 жылғы тамызда 2,6%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 19,2%-ға өсу).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2025 жылғы тамыз бойынша есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 3,7%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 14,4%-ға өсу).
2025 жылғы тамызда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 33,5 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап – 188,6 млрд теңге).
2025 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 17,2 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 16,2%-ға көп. Негізгі өсім өмірді сақтандыру бойынша шарттарға тиесілі (107,9%).
2025 жылғы тамызда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 146,3 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға көп.
Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады, олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы тамызда 47,4 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 387,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға көп. Өсу, негізінен, өзге де қаржылық шығындардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 91,0%-ға және мүлікті зияннан сақтандыру бойынша 14,7%-ға ұлғаюына байланысты.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы тамызда 73,4 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 542,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға көп. Өсу, негізінен, зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 10,9%-ға 227,5 млрд теңгеге дейін және өмірді сақтандыру бойынша 19,3%-ға 160,3 млрд теңгеге дейін ұлғаюына байланысты.
Міндетті сақтандыру бойынша 2025 жылғы тамызда 25,5 млрд теңге, жыл басынан 180,1 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін 19,3%-ға 68,4 млрд теңгеге дейін міндетті сақтандыру бойынша орын алды.
Сақтандыру төлемдері 2025 жылғы тамызда 37,0 млрд теңгені (130,8 мың төлем бойынша) құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 282,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,0%-ға көп. Өсу, негізінен, 59,7%-ға 92,0 млрд теңгеге дейін ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.