Әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлерін анықтауға арналған халықтық дауыс беру аяқталды

1364
Фотосурет: freepik.com

109 мыңнан астам қазақстандық үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалар байқауында халықтың онлайн дауыс беруінде жеңімпаздарды анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауы аясында халықтың онлайн дауыс беруі аяқталды. 1-5 қазан аралығында www.qamqor.enbek.kz онлайн-платформасында өткен дауыс беруге 109 063 қазақстандық қатысып, өз өңірлеріндегі номинанттарға қолдау білдірді.

Дауыс беру аяқталған соң деректерді тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижелер республикалық комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

Онлайн дауыс беру барысында ең көп қолдауды «Еңбек ұтқырлығы орталығының (мансап орталығының) үздік қызметкері» номинациясы алып, 52 128 дауыс жинады. Ең белсенді өңір – Абай облысы болды, өңір тұрғындары өз жерлестеріне 14 164 дауыс берген.

Халықтың дауыс беру нәтижелері сараптамалық комиссияның бағалауына маңызды қосымша болатынын атап өткен жөн. Онлайн дауыс беру кезінде алынған ұпайлар өңірлік комиссияның қорытынды бағалауына қосылады. Осылайша, қоғамдық пікір өңірлердегі жеңімпазды анықтауда, әсіресе бірнеше номинанттар сарапшылардан тең ұпай жинаған жағдайда шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар хаттамаларды түзуді аяқтап жатыр, 13 қазанда нақты ұсынылатын болады. Бұдан кейін, 20 қазанға дейін республикалық комиссия мүшелері байқаудың соңғы жеңімпаздарын анықтайды.

Марапаттау салтанаты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай 24 қазанда Астанада өтеді.

Айта кетейік, байқауға жеті номинация бойынша барлығы 1029 өтініш берілді. Өтініштерді ең белсенді түрде Абай облысының мамандары (122 өтініш) және Батыс Қазақстан облысының мамандары (108 өтініш) ұсынды. Осы кезеңде ең көп өтініш түскен номинациялар – «Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік жұмыскері» (336 өтініш) және «Еңбек ұтқырлығы орталығының (мансап орталығының) үздік қызметкері» (216 өтініш).

Әлеуметтік қызметкер мамандығы қоғамдағы ең адамгершілігі мол әрі маңызды кәсіптердің бірі болып табылады. Бұл мамандар күн сайын қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектеседі: қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға үйде қызмет көрсетеді, отбасыларды қолдап, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейді, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға өз үлестерін қосады. Елде жарияланған Еңбек кәсіптері жылы аясында ұйымдастырылған бұл байқау әлеуметтік қызметкерлер еңбегінің қоғамдағы маңызды рөлін атап көрсетуге және олардың жанқиярлық қызметін танытуға арналған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -