Абайлық 13 жастағы оқушы қамшының 15 түрін өреді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық қолөнерге қызығушылығмен, бейімдігімен ерекшеленетін Әлихан Салихан қамшы өрудің 15 түрін меңгерген. Абай облысы Аягөз ауданындағы №5 мектептің 7-сынып оқушысы гаджеттер мен әлеуметтік желілерді емес, ата-баба өнерін серік еткен.
Ол қамшы өрудің күрделі техникасын өз бетімен үйреніп, бүгінде дойыр, тобылғы сапты, өрме, сегіз өрім, шынжыр баулы, сәндік, алақанды секілді бірнеше түрін өреді.
«Қамшы – жай ғана бұйым емес, бұл тарих және рух. Әр өрімді жасаған сайын ата-бабаларымыздың өмір салтын, батырлық болмысын көз алдыма елестетемін. Мақсатым – қамшы өру өнерін меңгеріп қана қоймай, замандастарыма үлгі болып, ұлттық мұраға құрметпен, қызығушылықты арттыру» Әлихан Салихан
Әлихан қамшы өру ісіне бала кезінен қызығып, өз әкесінен үйренген. Ол қамшының шығу тарихына да қызығушылық танытып, зерттеу жүргізуде.