Қазақстанда әйелдер футзалы дамып келеді

1045
Фотосурет: Gov

Футзалдан қазақстандық студент қыздар лигасы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 1-9 қазан аралығында Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері арасында QFSQL – футзалдан қазақстандық студент қыздар лигасы өтті. Бұл ауқымды спорттық іс-шара Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жаңа маусымға еліміздің алты жоғары оқу орнынан командалар қатысты. Атап айтқанда, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (ҚазҰҚПУ); Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қорқыт ата атындағы ҚУ); М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (М.Әуезов атындағы ОҚУ); Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ); Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (APEMS); Назарбаев Университеті (NU).

Турнирдің финалдық кезеңі Назарбаев Университетінде өтті. Ойын нәтижелері бойынша І орынды ҚазҰҚПУ студенттері иеленсе, ІІ орын – Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ; ІІІ орын – NU білім алушыларына тиесілі болды.

Лиганың жабылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы Мадияр Қожахмет және Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрманов қатысып, қатысушыларды құттықтады. 

Министрлік аппаратының басшысы футзал лигасы – елімізде әйелдер спортын дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және спорттық әлеуетті арттыруға бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

Лиганың басты мақсаты – студент қыздар арасында футзал спортын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамыту, талантты ойыншыларды анықтап, кәсіби деңгейге дейін қолдау көрсету. Мұндай жарыстар ойын тәжірибесін арттыруға, техникалық және тактикалық шеберліктерді дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар университеттік деңгейде әйелдер футболының кеңеюіне ықпал етіп, жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -