Астанада эко айлық және «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экоакция барысында Астана қаласы Мәдениет басқармасы мен ведомстволық бағынысты 14 ұйымның 2000-нан аса қызметкері, оның ішінде әртістер ауқымды тазалаыққа қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сенбіліктің орталық алаңы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармониясының аумағы болды. Іргелес аумақты тазалауға шыққан Мәдениет басқармасының қызметкерлері мен филармония ұжымы экологиялық бастамаларға қатысудың маңыздылығын көрсетті.
«Бүгін біз әріптестерімізбен апта сайынғы сенбілікке жиналдық. Бұл біздің бүкіл ұжымымыз үшін маңызды іс-шара, өйткені әрқайсымыз қаланың әрқашан таза әрі әдемі болғанын қалаймыз. Біз «Таза Қазақстан» акциясын үнемі қолдаймыз және әр сенбі сайын нысанды ретке келтіру, сондай-ақ ұжымды нығайту үшін тазалауға шығамыз, өйткені мұндай акциялар адамдарды өте жақындастырады. Тазалаған жерлеріміздің таза әрі көрікті болып тұрғанын көру өте ғанибет», - деді филармония бас директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Қалқаман Дүйсембаев.
Астанадағы сенбіліктер елорда тұрғындарын қаланы таза, жайлы әрі әдемі ету үшін біріктіретін жақсы дәстүрге айналды.