Өскемен қаласында 100 шырша мен терек отырғызылды

1243
Фотосурет: Gov

Бүгін облыс орталығындағы Амфитеатр аумағында 100-ге жуық шырша мен терек отырғызылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Бұл бағдарламаның мақсаты - қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес, халықты еңбекқорлыққа, экологиялық мәдениеттілікке баулу. Барша өңір жұртшылығын белсенді қатысып, өскелең ұрпақтың алдында еңбек пен тазалықтың мәртебесін көтеруге шақырамын", - деді аймақ басшысы.

 Айта кетейік, облыс бойынша осы жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларға 46,3 мыңнан астам адам қатысып, 231 техника жұмылдырылған. Соның нәтижесінде 3 509 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 2 208 аула тазартылды.

 2025 жылға арналған көшет отырғызу жоспары - 115,5 мың ағашты құрайды. Бүгінгі күнге дейін жоспардың 66 пайызы орындалып, 75,6 мыңнан астам көшет егілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -