Ақмола облысы 7,1 миллион тонна астық жинап, рекорд орнатты

1705
Фотосурет: Gov

Ақмола облысында егін жинау науқанының соңғы кезеңі жүріп жатыр. Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 7,1 млн тоннадан астам астық жинады, бұл – жалпы егіс алқабының 94 пайызы, деп хабарлайды DKNews.kz.

Орташа өнімділік гектарына 16,1 центнерді құрады, ал кейбір алқаптарда бұл көрсеткіш 60 центнерге дейін жеткен. Жиналған астықтың басым бөлігі сапасы жоғары.

Мемлекеттік қолдау шаралары мен егіс жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың арқасында өңір диқандары соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы науқан қорытындысында жалпы 7,4 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр.

Жалпы облыс диқандарына шамамен 243 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Несиелендіру бағдарламасы аясында 927 фермер 118 млрд теңге жеңілдетілген несие алды. Бұл кешенді агротехникалық шараларды сапалы жүргізуге мүмкіндік берді, соның ішінде химиялық арамшөпке қарсы өңдеу, шегірткелер мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары.
Минералдық тыңайтқыштарды енгізу көлемі үш есеге артты.
Өнімділікті едәуір арттыруға машиналар мен тракторлар паркін жаңарту және дизель отынымен уақтылы қамтамасыз ету септігін тигізді.

Биыл егін жинау алқабы 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарды құрады.

Науқанға шамамен 7 мың астық жинайтын комбайн тартылған, олардың 4,8 мыңы – заманауи әрі жоғары өнімді техника. Сондай-ақ 2,7 мың орақ және 4,8 мың жүк көлігі пайдаланылуда.

Жаңа астықты қабылдау мен сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 7,2 млн тоннаны құрайтын инфрақұрылым әзірленген. Оның құрамында 66 астық қабылдау кәсіпорны және 1,5 мың шаруашылық қоймасы бар.

Өңірде келесі жылғы егінге арналған тұқым әзірлеу жұмыстары толық аяқталды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 1,2 трлн теңге деңгейінде қамтамасыз етіп, елдің аграрлық секторындағы жетекші өңір мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеуді жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -