Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесуде Президентке «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысына «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» бірлескен ірі жобаларын іске асыру барысы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вагит Алекперовті компанияның Қазақстандағы табысты қызметінің 30 жылдығымен құттықтады.