Шымкенттен әскерге шақырылғандардың кезекті командасы аттанды

2332
Фотосурет: Gov

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктінде 56 азаматты әскер қатарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 240 әскерге шақырылушы жас жауынгер курсынан өтуге әскери бөлімдерге барды. Бұл жолы 21 азамат Мемлекеттік күзет қызметіне, ал 35 жігіт Талдықорғандағы Десанттық-шабуылдау бригадасына жіберілді.

Іс-шараға қалалық әкімдіктің, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, ардагерлер мен әскерге шақырылушылардың ата-аналары қатысты. Салтанатты рәсімге қатысушылар болашақ Отан қорғаушыларға зор денсаулық, әскери істі меңгеруде табандылық және қызметте жетістік тіледі.

Оларға арнап Шымкент қаласындағы соғыс ардагерлері мен Ауған соғысы мүгедектері кеңесінің төрағасы Серғали Рысбеков, Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері капитан

Көпбай Темірбеков, 18404 әскери бөлімінің өкілдері майор Нұрлан Толдыбаев, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың ата-аналары сөз сөйледі.

Іс-шараның ресми бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығару рәсімімен аяқталған соң қатысушылар мен қонақтарға арналған концерттік бағдарлама қойылды.

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкенттен мерзімді әскери қызметке 1500-ге жуық азамат әскерге жіберілетінін айта кеткен жөн.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -