ТЖМ мерейтойына орай қазақстандықтар құтқарушы мамандығымен танысуда

1199
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай елімізде ашық есік күндері мен баспасөз турлары өткізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шаралардың мақсаты құтқарушылардың заманауи жабдықтарын және жоғары кәсіби деңгейін көрсету ғана емес, сондай-ақ жастар арасында құтқарушы мамандығына деген құрмет пен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. 

Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиалы №14 өрт сөндіру бөлімшесімен бірлесіп «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Іс-шараның қонақтары мектеп оқушылары, студенттер, Қазақ-Ресей медициналық университетінің апат медицинасы кафедрасының резиденттері және ТЖД өкілдері болды. Қатысушылар жедел медициналық жәрдем бригадасының жұмысын, далалық мобильді госпитальдің орналастырылуын көріп, өздерін медициналық құтқарушы рөлінде сынап көруге мүмкіндік алды.

Атырауда №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде баспасөз туры өтті. Журналистер заманауи техника үлгілерімен, соның ішінде Vema автосатысымен танысты. Олар өрт сөндіргіштерді қолдану және тұрмыстық өрттер кезінде әрекет ету бойынша оқу-жаттығуға қатысты.  

Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жедел-құтқару жасағында болып, авариялық-құтқару құралдарымен, дрондармен және техникамен танысты, кинологтармен және олардың төрт аяқты серіктерімен тілдесті. Ең маңызды сәттердің бірі жаттығуларға қатысу тәжірибесі болды: зардап шеккендерді іздеуден бастап алғашқы көмек көрсетуге дейін.

Қостанайда БАҚ өкілдері №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен жедел-құтқару жасағының базасына барды. Құтқарушылар заманауи құралдармен жұмыс істеу шеберлігін, оқу-жаттығу үдерісін және Holmatro авариялық-құтқару құралдарын практикалық қолдануды көрсетті. Кинологиялық бөлімшелердің көрсетілімдері мен республикалық жарыстардағы жергілікті бөлімшелердің жетістіктері ерекше қызығушылық тудырды.

Павлодар құтқарушылары интерактивті форматта көшпелі брифинг ұйымдастырды: БАҚ өкілдері мен студенттер тек бақылаушы ғана емес, нақты төтенше жағдайларды жою сценарийлеріне кірісті. Мамандар жаңа техниканы таныстырды, алғашқы көмек көрсету алгоритмдерін түсіндіріп, азаматтық қорғаныс шеберлік сыныптарын  өткізді.

Бұл барлық іс-шаралар ТЖМ мерейтойына арналған кең ауқымды кампанияның бір бөлігі. Олар күн сайын өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерді құтқарумен айналысатын жандардың жұмысын ішінен көрсетуді мақсат етеді. Құтқару бөлімшелерінің жұмысы заманауи жабдықтар, кәсібилік, батылдық және жоғары жауапкершілік қағидаттарына негізделген. Осындай кездесулер арқылы жас буын тек пайдалы білім алып қана қоймай, ТЖМ жүйесінде өз өмірлік жолын таңдауға алғашқы қадамдарын жасайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -