Астана ТЖД-ның Лео атты иті – ондаған адамның өмірін аман алып қалған құтқарушы ит

1606
Фотосурет: Gov

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінің басшысы Павел Володин көптеген адамның өмірін сақтап қалған ит - Леоның жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Лео – үйінділердің астынан, техногендік апаттарда және табиғи ортада адамдарды іздеуге үйретілген иттеріміздің бірі. Қазір ол 4 жаста. Жақында беске толады. Жұмыс істеп жүргеніне 4,5 жылдай болды. Біздің командаға қосылған кезде жарты жылдық күшік еді. Оны үйреттік. Жыл сайын кинологиялық есептоптар сертификаттық сынақтан өткізіледі», — деді Павел Володин.

Оның айтуынша, кинологтың жануармен байланысы достыққа негізделген. Оны алдымен дос, содан кейін ғана әріптес ретінде қабылдау керек. Әйтпесе, онымен жұмыс істеу қиын болады. Сондай-ақ спикер үйретілген иттер адамдардың өмірін құтқарған кезде кинологтардың қандай сезімде болатынын айтты. 

«Әрине, біз оның өз кәсібилігін көрсете алғанына қуаныштымыз. Яғни, олармен көп уақыт өткізіп, жұмыс істегеніміз бекер емес, біз осыны мақтан етеміз. Еңбегіміздің нәтижесін көреміз. Бұл құтқарушыларды қуантады. Ит те осындай эмоцияны сезінеді», –деді Павел Володин.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -