«Қоңыратбаевтар әлемі» халықаралық конференциясы ғалымдар мен әдебиеттанушыларды біріктірді

1287
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Қоңыратбаевтар әлемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиын көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Әуелбек Қоңыратбаевтың 120 жылдығы мен филология ғылымының докторы Тынысбек Қоңыратбайдың 70 жас мерейтойына орай өтті. Конференция барысында Қалжан, Әуелбек, Әлібек Қоңыратбаевтар мен Тынысбек Қоңыратбайдың ғылым мен мәдениеттегі орны, шығармашылық мұрасы жан-жақты талқыланды.

Мәдени шара аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына тұлғалардың сирек еңбектері мен архивтік материалдары ұсынылды. Сонымен қатар, ғалымдардың жарық көрген кітаптарының таныстырылды.

Көрмеге энциклопедиялық жазбалар, библиографиялық көрсеткіштер мен сирек деректер қойылды. Конференцияға шетелдік ғалымдар да сырттай қатысып, ғылыми баяндамаларын ұсынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -