Қауіпсіздік тек қалаларда ғана емес, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бастамасы аясында ауылды жерлерде заманауи ерікті өрт сөндіру бекеттері құрылуда.
Бұрын көмек сағаттап жететін жерлерде қазір кәсіби құтқарушылар техника мен байланыс құралдарымен кезекшілік етеді.
Қазірдің өзінде жүздеген ауылда жаңа бекеттер ашылды. Әрбіреуі көмек уақытында келудің кепілі.
Бүгінгі таңда елімізде 440 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді, оның саны артуда.
Жаңа нысандар жылдам әрі үнемді салынады. Мысалы Астана мен Атыраудағы өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станциялары бар болғаны үш айда салынды.