«Газпромның» мәліметі бойынша, 2025 жылғы 19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытында ұшқышсыз әуе аппараты шабуылы салдарынан апатты жағдай орын алып, зауыт Қарашығанақ кен орнынан шикі газ қабылдауды уақытша тоқтатты.
Зауыттың зақымдану сипаты мен жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша ақпарат ресейлік тараптан әлі берілген жоқ
"Қазақстанның газбен қамтамасыз етілуі зардап шеккен жоқ. Газ ішкі тұтынушыларға қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жеткізілуде. Қарашығанақ шикізатын өңдеу және мұнай өндіруге ықтимал әсері мәселелері кен пайдаланушыларымен бірлесіп қаралуда. Шығындар мен алдағы шаралар туралы қосымша хабарланатын болады" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыста.