Алматы тауларында жарақат алған турист құтқарылды

1100
Фотосурет: Gov

 Алматы тауларында  құтқарушылар туристке көмекке келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Комби 2 ауданында 1990 жылы туған ер адам Богданович мұздығынан төмен түсу кезінде аяғын жарақаттап алып, қозғалысын жағастыра алмады.

Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары "Тұйық-Су" құтқару бекетінен жедел түрде оқиға орнына шықты. Байланыс үзілмей, геолокация белгілі болғандықтан, зардап шеккен азамат жылдам табылды.

Құтқарушылар туристі «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына дейін жеткізді.

Медициналық көмектен бас тартқан азамат жолын өз бетімен жалғастырды.

ТЖМ таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -