1287
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Көкшетау қаласында «Достар» мәдениет сарайында мектеп, колледж, жоғары оқу орындары мен тәуелсіз ұйымдар арасында ұйымдастырылған «Жастар лигасы КТА» фестивалі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл шара – жастардың шығармашылығын дамытуға, олардың тапқырлығы мен ұйымшылдығын арттыруға бағытталған маңызды мәдени жоба. Фестивальге барлығы 18 қалалық және облыстық команда қатысып, оның ішінде 14 команда финалға дейін жетті.

5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері құрамынан жасақталған «Бригада» командасы аталған фестивальге белсене қатысып, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Өткір әзілдерімен, әскери нақыштағы ерекше сахналық нөмірлерімен және бірлік пен тәртіпті үйлестіре білген ойындарымен көзге түскен «Бригада» командасы бірінші орынды иеленіп, Фестивальдің үлкен кубогына қол жеткізді. Сонымен қатар команда грамота мен барлық қатысушыларға арналған «Квест» сертификатына ие болды.

Алдағы уақытта командалар 1 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлде үшін сынға түсетін болады. Бұл жетістік – 5510 әскери бөлімінің жеке құрамының ұйымшылдығы мен жан-жақтылығын, сонымен қатар әскери қызметшілердің рухани және шығармашылық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -