2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда 11-13 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгінгі таңда елімізде 278,2 мыңнан астам профилактикалық егулер жүргізілді, оның ішінде бірінші дозаны 170 мың жасөспірім, екінші дозаны — 108,2 мың адам алды. Иммундаудан кейін жағымсыз көрініс жағдайлары тіркелген жоқ.
АПВ-ға қарсы вакцинациялауды тиімді енгізу мен мониторингті қамтамасыз ету үшін иммундау барысына тұрақты бақылау жүргізіледі.
Вакцина қауіпсіз, жақсы төзімді және алдын алудың тиімді әдісі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады.
АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасының негізгі мақсаты әйелдерді АПВ-ның негізгі қоздырғышы болып табылатын жатыр мойны обырынан, сондай-ақ гениталдың кандиломаларды, анус және жыныс мүшелерінің обырын қоса алғанда, басқа да онкологиялық аурулардан қорғау болып табылады.
АПВ-мен сырқаттанудың ауыртпалығын және вакцинациялаудың тиімділігін ескере отырып, 147 ел бұл вакцинаны өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді және әлемнің 76 елі АПВ-ға қарсы әйелдер мен ерлерді вакцинациялайды.