Астанада 7 миллион теңге жүлде қоры бар көркем гимнастика турнирі басталды

1298
Фотосурет: Gov

Астанада көркем гимнастикадан алғашқы Grand Prix Alem халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.



Жүлде қоры 7 миллион теңгені құрайтын турнирге еліміздің өңірлерінен бөлек, Ресейден «Небесная Грация» және «Либерти» мектептерінің шәкірттері де қатысуға шешім қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Жарысымыз Республика күніне орай ұйымдастырылды. Grand Prix Alem халықаралық додасы бүгін алғаш рет өткізіліп жатыр. Осындай жарыстар спортшыларымыздың дайындығын шыңдап, жүлделі орын алуларына ықпалын тигізеді. Бұйырса, алдағы жылдары дәстүрге айналдырсақ деген ойымыз бар», - деді көркем гимнастикадан Астана қаласы федерациясының вице-прездиенті Омар Ташенов.

23-24 қазан күндері аралығында өтетін додада 2007-2021 жылдары дүниеге келген 500-ге жуық гимнасшы жеке және топтық сайыстарда жүлдегерлерді анықтайды.

Афина Олимпиадасының чемпионы Алина Кабаеваның «Небесная Грация» мектебінен Александра Борисова, Яна Сакович, Анна Вакуленко және Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жансая Жаңбыршиева сынды атақты спортшылардың қатысуы жарыстың көркін одан әрі қыздыра түспек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -