Тоқаев Толқын Забированың қазақстандық өнерді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады

1408
Фотосурет: Gov

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал эстрада және опера әншісі Толқын Забированың «Өмірге ғашықпын» атты мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты кешке Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Президент өз құттықтауында әншіні отандық өнердің ең жарқын өкілдерінің бірі, ерекше дауыс иесі ретінде атап өтті.

«Сіз әйгілі отандық және әлемдік опералық туындылар мен лирикалық әндерді шебер орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрсіз. Ерекше табиғи дарыныңыз және тынымсыз еңбегіңіз арқылы еліміздің мәдени-рухани байлығының өрісін кеңейтуге қосқан үлесіңіз өте мол. Кемел біліміңіз бен бойыңыздағы асыл қасиеттеріңізбен замандастарымыздың ортасында сый-құрметке бөленіп жүрсіз» Делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында

Толқын Забирова – көркемдік талғамы мен кәсіби біліктілігі жоғары өнер иесі. Аталмыш концертте әншінің ең үздік авторлық, заманауи және әлемдік хит әндер орындалды. Атап айтсақ, «Вечная любовь», «Adagio», «Per Amore, Per te», «Қара, маған қара», «Өмірге ғашықпын», «Сен үшін», «Бұлбұл әні», «Жүрек (Cover Show)», «Сағына беремін (Cover Show)» және басқа да туындылар шырқалды.

2024 жылы Толқын Забирова «Парасат» орденімен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -