Ақтөбе қаласында Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің патрульдік тобы жоғалған 10 жастағы баланы тауып, оны ата-анасына аман-есен табыстады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқиға кешкі уақытта болған. «Арман» жедел байланыс желісіне Мәңгілік Ел көшесіндегі «Millennium» дәріханасы маңында баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат бірден әскери бөлімнің кезекші тобына жеткізіліп, аға сержант Алихан Мусабеков, қатардағы жауынгерлер Жаналық Машырықбай және Айдос Абыл дереу оқиға орнына жетіп, іздестіру шараларын ұйымдастырған. Ұландықтардың жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде жоғалған бала табылып, ата-анасына табысталды.
Өз перзентін аман көрген ата-ана Ұлттық ұлан жауынгерлеріне шынайы алғысын білдірді.