Шерхан Мұртазаның қолжазбалары мен хаттары ҚР Ұлттық архивінің алтын қорын толықтырды

1144
Фотосурет: Gov

Шерхан Мұртазаның құнды мұрасы Ұлттық архивке табысталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Ұлттық архивінің алтын қоры қазақ әдебиетінің алыбы, жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жеке мұрасымен толықты. Осыған орай «Шерхан Мұртаза мұрасы: «Егемен Қазақстаннан» - Ұлттық архивке» атты іс-шара өтті.

На фото - момент подписания двустороннего соглашения.

Жиынға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Архив қорына жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты 6000-нан астам парақтан тұратын мұра ресми түрде табыс етілді. Оның ішінде «Қызыл жебе» романының түпнұсқа қолжазбасы, Тұрар Рысқұлов туралы зерттеу материалдары, «Бесеудің хаты» драмасы, сондай-ақ бұрын жарияланбаған сирек фотосуреттер, жеке хаттар, жазба дәптерлер мен тарихи-мәдени маңызы жоғары құжаттар бар.

На фото - известные государственные и общественные деятели, литературоведы.

Іс-шара соңында екі жақты келісімшартқа қол қойылды.

Общее фото участников мероприятия «Шерхан Мұртаза мұрасы: «Егемен Қазақстаннан» – Ұлттық архивке».

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -