Ұландықтар жоғалған смартфондарды иелеріне қайтарды

1287
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде адалдық пен жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бір күнде олар бірден үш ұялы телефонды иелеріне қайтара алды.

Сарыарқа ауданында жауынгерлік кезекшілік атқару кезінде сағат 23:15 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы Сұлтан Қуатов және патрульші сарбаздар Саят Дүйсенали мен Бекзат Сүйінтаев Ы. Дүкенұлы көшесіндегі №20 үйдің жанынан iPhone 15 Pro Max ұялы телефонын тауып алады. Ұландықтар ұялы телефон иесін жылдам анықтап, кездесу орнын белгілеп, құрылғыны қайтарып береді. Қуанышты азаматша әскери қызметшілерге көрсеткен көмектері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сол күні Нұра ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери жасақ бастығы Шыңғысхан Тыныштық пен патрульші жауынгер Нұраділ Көпжасаров жерден iPhone 11 Pro Max маркалы смартфонын көреді. Базадан телефонның заңды иесін тауып, аз уақыт ішінде қайтарады. Ұландықтардың адалдығы мен қызметке деген жауапкершілігіне тәнті болған ол шексіз алғысын жеткізді.

Арада аз уақыт өткенде қызметте жүрген тағы бір әскери жасақ бастығы Санжар Сүйінбаев пен патрульші жауынгер Бақберген Боқай да Samsung A50 телефонын байқап қалады. Жедел шаралар нәтижесінде иесі анықталып, құрылғы қайтарылды. Ер адам Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдірді.

Мұндай мысалдар ұландықтардың жоғары моральдық келбеті мен кәсібилігін растайды. Күн сайын қоғамдық тәртіпті күзететін әскери қызметшілер үшін ең үздік марапат — азаматтардың алғысы!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -