Қазақстанда жылдың үздік педагогтері анықталды

1144
Фотосурет: Gov

Қазақстанда «Үздік педагог-2025» республикалық конкурсының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жеңімпаздар қатарында елордалық мұғалімдер де бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Үздік педагог-2025» республикалық конкурсының III кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып төмендегі елордалық педагогтер анықталды

  • Жүніс Октябрина Амангелдіқызы – математика пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «№71 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК;
  • Биғожина Бакина Олжабайқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК;
  • Рақымжан Бағдагүл Рақымжанқызы – тарих пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК;
  • Айқымбаева Дина Дәулетқызы – арнайы пәндер оқытушысы, «Көлік және коммуникация жоғары колледжі» ШЖҚ МКК;
  • Төрекенова Аяужан Қайсанқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК;
  • Нұрғазина Айжан Сейітқызы – бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «№97 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК;
  • Жанасова Құралай Еркенқызы – биология пәнінің мұғалімі, Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -