Қазақстан ТМҰ аясында өнеркәсіптік және креативтік әріптестікті нығайтуда

1089
Фотосурет: Gov

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов Баку қаласында өткен Түркімемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Өнеркәсіпғылым, технология және инновация министрлерінің 2-ші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында қатысушылар өнеркәсіпғылым, технология және инновация саласындағыынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Рахымжан Исақұлов баяндама жасап, Қазақстанның өнеркәсіптік бастамаларын, инновациялық экожүйені, цифрландыруды және шығармашылық экономиканы дамыту бойынша бастамаларын атап өтті.

Іс-шараны Әзербайжан Республикасының Экономика министрі Микайыл Джаббаровбасқарды, оған ТМҰ Бас хатшысы, Қырғызстан Республикасының, Түркияның, Өзбекстан Республикасының министрлері және Әзербайжандағы Венгрия елшісі қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Декларация қабылданды және ТМҰ-ның 2025-2026 жылдарға арналған жаңартылған іс-қимыл жоспары бекітілді.

Келесі жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация министрлерінің 3-ші кездесуі Қазақстанда өткізілуіжоспарланғанын атап өткен жөн.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -