Көкпекті ауданында «Ауыл» партиясының «Кітапқа – екінші өмір сыйла» акциясы өтті

1122
Фотосурет: «Ауыл» партиясы

24 қазан – «Кітапханашылар күні» мерекесіне орай Абай облысы, Көкпекті ауданының жалпы орта білім беру мекемесінің кітапханасына «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы «Кітапқа – екінші өмір сыйла» жобасы  аясында 100-ге жуық көркем мазмұнды кітап тарту етілді.

​​​​​​​Сыйға берілген кітаптар қатарында қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары, әлем әдебиетінің үздік туындылары, сондай-ақ, «Астана – Еуразия жүрегінде»  энциклопедиясы, «Семейден ескен леп»  антологиялық ақындар жинақ-басылымдары бар.

Акцияны «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы ұйымдастырды.

Шара соңында, партия төрағасы кітапхана қызметкерімен естелік  фотосуретке түсіп, бүгінгі мереке иелерін кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс пен шығармашылық жетістіктер тіледі. Қайрат Қанатұлы өз сөзінде мұндай игі бастамалардың ел руханияты мен кітап оқу мәдениетін дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -