2025 жылғы 28 қазан, Астана, Қазақстан. INFINITI маркасының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы — Orbis Auto автомобиль тобы жаңа флагмандық жол талғамайтын көлік INFINITI QX80 моделіне алдын ала тапсырыстардың басталғанын хабарлайды.
2025 жылғы бұл модель Sensory және Autograph –– екі түрлі жинақтамада ұсынылады. Бастапқы бағасы 69 900 000 теңгеден басталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алғашқы көліктер Астана мен Алматы қалаларындағы ресми дилерлік орталықтарға биыл қыс мезгілінде жеткізіледі.
Жаңа QX80 – INFINITI тарихындағы ең технологиялық жол талғамайтын көлік.

Капотының астында 3,5 литрлік VR35DDTT DOHC V6 екі турбоайдағышы және DIG™ жанармайды тікелей бүрку жүйесі бар қозғалтқыш орнатылған. Оның қуаты — 450 ат күші, ал айналу моменті — 700 Н·м. Қозғалтқыш 9 сатылы автоматты беріліс қорабымен және рөл астындағы ауыстырып-қосқыштармен жұмыс істейді. INFINITI All-Mode® 4WD толық жетекті жүйесі кез келген жолда сенімді қозғалысты қамтамасыз етсе, Dynamic Digital Suspension адаптивті аспасы нақты уақыт режимінде шассидің жұмысын тұрақтылық пен жайлылық үшін реттеп отырады. Электронды басқарылатын пневмоаспа көліктің биіктігін 7,5 см-ге дейін автоматты түрде төмендетіп, отырғызу мен жүк тиеуді жеңілдетеді. Жетілдірілген дыбыс оқшаулау жүйесі алдыңғы буынмен салыстырғанда салон ішіндегі шуды 4 дБ-ге азайтады.
«Жаңа INFINITI QX80 2025 – бұл сән-салтанат пен инновацияның шыңы. Ол қуатты дизайн мен озық технологияларды үйлестіре отырып, кез келген жағдайда ең жоғары жайлылықты қамтамасыз етеді. Бұл модельді біз жай ғана көлік емес, прогрестің символы, SUV премиум-сегментінде жаңа стандарт орнатушы ретінде көреміз. Осы модельдің шығуы INFINITI брендінің Қазақстандағы позициясын нығайтып, сапа мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына деген адалдығын айқындайтынына сенімдіміз» INFINITI компаниясының Қазақстандағы дистрибуция директоры Дмитрий Панасов
Модельдің дизайны жапон эстетикасы мен инженерлік дәлдікті үйлесімді біріктіреді. Брендке тән қос доғалы радиатор торы мен жарықдиодты күндізгі жүріс шамдарының пішіні жапон мәдениетінде күш пен төзімділіктің символы саналатын бамбук орманының бейнесінен шабыт алған. 300-ден астам жарықдиодтан тұратын тұтас артқы жарық сызығы су бетіне түскен жарықтың шағылысын еске салады. Қонақжайлыққа айрықша назар аударылған: INFINITI Light Path қарсы алу жарық жүйесі иесі жақындағанда логотип, шамдар және қанат пішініндегі проекциялар арқылы анимация жасап, көлікті «тірілткендей» әсер қалдырады. Бұл – жапондардың омотэнаси философиясын, яғни адамның қажеттілігін алдын ала сезіп, оған қамқорлық көрсету өнерін бейнелейді.

Жаңа QX80 салоны жоғары сапалы материалдар мен ең жаңа технологияларды біріктіреді. Ішкі әрлеуде табиғи ағаш, металл ендірмелер және қолдан тігіліп өңделген жартылай анилинді былғары пайдаланылған. Салонның Ambient lighting деп аталатын жеке баптауға болатын жарық жүйесі маусым ауысымдарынан шабыт алған 64 түрлі жарық реңкін ұсынады. Бұл модельде алғаш рет Google қызметтері — Google Assistant, Google Maps және Google Play орнатылған. Biometric Cooling жүйесі арнайы сенсорлардың көмегімен екінші қатардағы жолаушылар аймағын стандартты салқындату жүйелеріне қарағанда 50% жылдам салқындатады. Қалада жүргізуді жеңілдету үшін Front Wide View және Invisible Hood View жүйелері енгізілген. Олар жүргізушіге көліктің алдындағы және капот астындағы кеңістікті көруге мүмкіндік береді. Klipsch Reference Premiere аудиожүйесінің жоғарғы нұсқасы 24 динамик пен 1200 Вт қуатты қамтиды. Яғни дыбыс сапасы концерт залындағыдай әсер береді.

Жаңа INFINITI QX80 моделіне алдын ала тапсырыс беру қазірдің өзінде Астана мен Алматы қалаларындағы ресми INFINITI дилерлік орталықтарында қолжетімді.