Қостанайда бекіре балықтары заманауи экологиялық технологиялар арқылы өсіріліп жатыр

1716
Фотосурет: Gov

Қостанай облысында 2024 жылдан бері «Қостанай осетр» ЖШС табысты жұмыс істеп келеді. Жоба өңірдің балық шаруашылығына салынған сәтті инвестициялардың жарқын мысалы болып саналады және Қазақстанда аквашаруашылықтың тиімді дамуын көрсетеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жобаны іске асыруға 200 миллион теңгеден астам инвестиция бағытталды. Кәсіпорын іске қосылған кезден бастап балық өсірудің заманауи технологияларын және өндірістік үдерістерді цифрлық бақылау жүйелерін белсенді түрде енгізіп келеді. Шаруашылықта ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие бекіре тұқымдас балықтардың бірнеше түрі өсіріледі. Алдағы уақытта өндірістік қуатты жылына 20 тоннадан 50 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Кәсіпорын экологиялық тұрғыдан таза технологиялар негізінде жұмыс істейді. Өндірісте су ресурстарын үнемдеп пайдалану мен балықтың өсуіне қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін тұйық су айналымы жүйесі қолданылады. Мұндай тәсіл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтып, дайын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Компанияның басты мақсаты — өңірді экологиялық таза әрі сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық және ресурсты үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы бекіре тұқымдас балықтарды өсірудің тұрақты жүйесін қалыптастыру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -