Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіретін EXEED брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы жаңа EXEED RX PHEV гибридті кроссоверінің сатылымға шыққанын жариялайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл – EXEED брендінің еліміздегі алғашқы гибридті моделі. Жаңа көлік компанияның заманауи, экологиялық әрі энергия үнемдеуші технологияларға бет бұрғанының белгісі болды. RX PHEV-ның құны 22 990 000 теңгені құрайды.

RX PHEV қуат пен энергия тиімділігін біріктіретін инновациялық T2X Super Hybrid платформасында құрастырылған. Қуат қондырғысы 1,5 литрлік TGDI қозғалтқышын, үш сатылы DHT трансмиссиясын және M3P аккумуляторын қамтиды, бұл жалпы 395 кВт қуат пен 650 Н·м айналу моментін қамтамасыз етеді. Жүріс қоры 1100 км-ден асады, ал жылдам зарядтау арқылы энергияны 30 %-дан 80 %-ға дейін небәрі 20 минутта толықтыруға болады. Қозғалтқыштың жылулық Пайдалы Әсер Коэффициенті (ПӘК) 44,5%-ға жетеді – бұл өз класындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі.

EXEED-тің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы RX PHEV моделінің іске қосылуы бренд дамуындағы маңызды кезең болғанын және оның жаңа буын технологияларын енгізу бағытын көрсететінін атап өтті.
«EXEED инженерлік дәлдік, заманауи технологиялар, ерекше жайлылық пен функционалдылық үйлескен автомобильдерді жасайды. Бүгінгі таңда брендтің басымдықтарының бірі – ең тиімді және келешегі зор шешім ретінде жаңа экологиялық таза энергия көздеріне, соның ішінде қосылатын гибридтерге (PHEV) көшу. RX PHEV кроссовері – EXEED-тің Қазақстан нарығындағы алғашқы гибридті моделі және бұл бағытты дамытудағы маңызды қадам», – деді EXEED-тің Қазақстандағы дистрибуция директоры Мадина Төкенова.
Үш сатылы гибридті трансмиссия екі электрқозғалтқышымен бірге 11 түрлі қозғалыс режимін қолдайды және көлікті 100 км/сағ жылдамдыққа 4,9 секундта, ал 90-нан 120 км/сағ дейін небәрі 2,8 секундта үдетеді. Кроссовер тек электр қуатымен қозғала алады немесе эконом режимінде қозғалтқыштардың бірін автоматты түрде қосады. Flying Fish Intelligent Chassis жүйесі жолдағы жүруді бірқалыпты әрі тұрақты етеді. Ал CDC аспа жүйесі, Bosch IPB тежегіш жүйесі және HDS діріл оқшаулау технологиясы қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады. Аэродинамикалық шешімдер мен фастбэк пішінді корпус арқасында көліктің ауаға қарсы кедергі коэффициенті бар болғаны 0,308 құрайды.

MANA-Q басқару жүйесі батареяның жылулық жағдайын бақылайды және соқтығысу кезінде қуатты 2 миллисекундтың ішінде автоматты түрде өшіреді. Модель −35°C-тан +60°C-қа дейінгі экстремалды температураларға төзімді, ал шанақтың берік құрылымы мен заманауи ADAS қауіпсіздік жүйелері жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етеді.
RX PHEV салоны Premium Enjoyment for All тұжырымдамасы негізінде жасалған, яғни барлық жолаушыға премиум деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз етеді. Queen Zero-Gravity креслосы массаж және аяққа арналған тіреуішпен жабдықталған, ал Qualcomm 8155 чипіне негізделген мультимедиялық жүйе, SONY Master Sound аудиожүйесі мен дауыспен басқару функциясы заманауи интеллектуалды кеңістік атмосферасын қалыптастырады. Салондағы ауа тазарту және ароматерапия жүйесі сау әрі жағымды микроклимат түзеді.

EXEED-тің жаһандық амбициялары 2025 жылдың қазан айында 3-ші Халықаралық User Summit-те «Жаңа дәуір. Жаңа технологиялар. Жаңа дизайн» ұранымен таныстырылды. Бұл ұран брендтің интеллектуалды және экологиялық таза мобильділік кезеңіне өтуін білдіреді. Саммитте EXEED 20%-дан 80%-ға дейін небәрі 10 минутта өте жылдам қуаттауды қамтамасыз ететін Texxeract Energy инновациялық платформасын, сондай-ақ, автомобильдің 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 3,7 секундта жетуіне мүмкіндік беретін iVC жүйесін ұсынды. Бұл технологиялар брендтің қауіпсіз, интеллектуалды және болашақтың көлігін жасау стратегиясын көрсетеді. Бұдан басқа, AiMOGA Robotics бөлімшесі робототехника мен жасанды интеллект саласындағы жаңа стратегияны таныстырды, бұл EXEED-тің болашақ ақылды мобильділік экожүйесінің негізін қалайды.
Бүгінгі таңда EXEED автомобильдері Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Тараз, Орал, Ақтөбе және Түркістан қалаларындағы 14 ресми дилерлік орталықта ұсынылған. Алматыда екі EXEED автосалоны жұмыс істейді – Халиуллин көшесі, 196-Б және Әл-Фараби даңғылы, 21 мекенжайларында.