2025 жылғы 18–22 қараша аралығында Астана қаласында «Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл — Қазақстандағы ең ірі мәдени шаралардың бірі болып саналатын, әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістерді, суретшілер мен ақындарды біріктіретін беделді фестиваль.
«Шабыт» фестивалінің мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.

Қатысу шарттары
Фестивальге 18 бен 35 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады: өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары. Әр қатысушы тек бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады.
Өтінімдер 2025 жылғы 5 қараша күні сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) қабылданады.

Номинациялар
- Камералық хор. Хор дирижері
- Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік
- Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано)
- Фольклорлық ансамбль (2–5 қатысушы)
- Эстрадалық вокал (дуэт, трио)
- Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика)
- Поэзия (үздік әдеби шығарма)
- Креативті бағыт

Сыйақы қоры
- Гран-при — 3 000 000 тг
- I орын — 1 000 000 тг
- II орын — 750 000 тг
- III орын — 500 000 тг
«Шабыт» фестивалі — жаңа есімдердің бастау алаңы, шабыт пен шығармашылықтың қайнар көзі, Қазақстан мен әлем жастарының бірлігін білдіретін мәдени бренд.
Ұйымдастырушылар
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
- Астана қаласы әкімдігі
- «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» ШЖҚ ГККП
- Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ)
 
                                             
                                                             
                                                             
                                                             
                                                            