«Өрлеу» білім сапасының әлемдік стандарттарына сәйкестігін растады

1441
Фотосурет: Gov

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Институционалдық аккредитация сертификатына ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Германияның ACQUIN – аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жұмысы әлемдік білім сапасы стандарттарына толық сәйкес келетінін растады.

«Өрлеудің» басқарма төрағасы Айдана Шилибекованың айтуынша, соңғы жылдары «Өрлеу» стратегиялық даму, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету және инновациялық тәсілдерді іске асыру басымдықтарын айқындай отырып, өз қызметіндегі барлық ішкі және сыртқы процесті қайта қарап, күшейтті.

«Өрлеу» ұлттық орталығы жұмыс сапасын арттыруға және үнемі жетілдіруге басымдық береді. Біз тыңдаушыларымыздың қажеттіліктерін талдау үдерісін күшейту, оқытудың гибридтік түрлерін енгізу, білім беру бағдарламалары мен ПОҚ біліктілігіне қойылатын талаптарды арттыру, курстан кейінгі қолдауды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл шаралар бізге аудиторияны кеңейтуге және халықаралық деңгейде бірегей білім беру өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді» Айдана Шилибекова

Анықтама үшін: ACQUIN институтының құрамына 150-ден астам халықаралық жоғары оқу орны мен кәсіби ғылыми қауымдастық кіреді. ACQUIN қызметі EQAR, ENQA, EUA, CEENQA және INQAAHE сияқты беделді халықаралық агенттіктермен танылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -