Қытай мен Еуропаны жалғайтын негізгі транзиттік көпір ретіндегі Қазақстанның рөлі артып келеді

1452
Фотосурет: railways.kz

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропа және Орталық Азия елдеріне жүк теміржол транзиті саласында оң динамика байқалуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осылайша, Қытай Халық Республикасынан темір жол көлігі арқылы әкелінген транзиттік тауарлардың көлемі 11,04 миллион тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен (9,93 млн тонна) салыстырғанда 11% немесе 1,11 миллион тоннаға артық.

Транзиттің өсуі Қазақстанның негізгі көлік-логистикалық торап ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын дәлелдейді және халықаралық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде темір жол көлігінің маңыздылығын айқындайды.

Жүктерді рәсімдеу рәсімдерінің ашықтығын арттыру және жеделдету мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-мен бірлесіп цифрландыру шараларын жүзеге асыруда.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап темір жол транзитін автоматтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жоба Қытай – Орталық Азия және Қытай – Еуропа бағыттары бойынша жүретін жүктерге арналған транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеу мен шығаруды көздейді.
Пилот шеңберінде 2025 жылдың 10 айында 2,5 миллион тонна жүк рәсімделді.

Жобаны іске асырудың мақсаты – рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, кедендік рәсімдерді жеделдету мен оңайлату, сондай-ақ транзиттік бағыттардағы пойыз қозғалысын оңтайландыру.

Нәтижесінде бір контейнерлік пойызды рәсімдеу уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -