Мерзімді қызметтің он екі сарбазы жоғары білім ордасында оқу грантын иеленді

1408
Фотосурет: Gov

Қарағандыда Әуе қорғанысы күштерінің құрамаларында Отан алдындағы борышын өтеген 250 сарбазды үйлеріне шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жауынгерлік тумен қоштасу салтанатында ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге алғыс хаттар табысталды. Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының бес сарбазы мен әуе базасының жеті жауынгері қызметтегі жоғары көрсеткіштері, үлгілі тәртібі және міндеттерін адал атқарғаны үшін елдің жоғары оқу орындарында тегін оқуға сертификаттар алды.

Әскердегі қызмет қатардағы жауынгер Руслан Жорабаевқа кәсіби таңдау жасауға көмектесті. Ол запасқа шығарылғаннан кейін Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына түсуді жоспарлап отыр.

– Бала кезімнен әскери адам болуды армандадым. Қызмет барысында өзімді жетілдіріп, дамытқым келетін бағытты таңдадым. Мен бұл жауапкершіліктің оңай болмайтынын түсінемін, дегенмен өз қабілетіме сенемін, – деп атап өтті ол.

Әскердегі борышын аяқтағаннан кейін қатардағы жауынгер Ярослав Серяков білім беру грантына ие болды. Бұған оның табандылығы мен жауынгерлік оқуда жоғары нәтижелерге ұмтылғаны көмектесті.

Қорғаныс министрлігінің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген жастарды әлеуметтік қолдау туралы заң жүзінде бекітілген бастамасы олардың кәсіби және жеке өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -