Азаматтық авиация академиясында заманауи Студенттер үйі ашылды

1221
Фотосурет: Gov

Азаматтық авиация академиясында реконструкция жұмыстары аяқталып, жаңа Студенттер үйі ашылды. Шараға ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, ҚР Көлік министрлігінің өкілдері, авиация саласының ұйым басшылары, сондай-ақ Академия қызметкерлері мен студенттері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ғимарат Академияның оқу корпусы мен халықаралық әуежайдың жанында орналасқан. Жатақхана 482 орынға арналған және жайлылық, қауіпсіздік пен энергия тиімділігі бойынша қазіргі заман талаптарына толық сай келеді. Әр бөлмеде қажетті жиһаз, ғаламтор желісіне қолжетімділік және оқу үшін барлық жағдай жасалған. Қабаттарда асүйлер керекті жабдықпен жабдықталған, сондай-ақ коворкинг аймақтары ұйымдастырылған.

Ғимаратта спорт залдары, медициналық кабинет, демалыс аймақтары және абаттандырылған аула бар. Бұл нысанды тек тұрғылықты орын ретінде ғана емес, сонымен қатар Академияның оқу және сабақтан тыс инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Студенттер үйі – бұл жай ғана ғимарат емес, Академияның заманауи білім беру ортасын құру жөніндегі кең ауқымды стратегиясының бір бөлігі. Мұнда авиацияны тек мамандық емес, өмірлік мақсат ретінде қабылдайтын жастар қауымдастығы қалыптасады», - деді ректор Бекен Сейдахметов.

Жалпы ауданы 7 016,9 м² болатын ғимаратты «Қазаэронавигация» РМК теңгерімінен Академияның меншігіне беру туралы шешім 2024 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Көлік министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қабылданған. Осыдан кейін нысанда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -