Ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

1056
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қостанай қаласында 1–2 қараша күндері әлем чемпионы, полиция майоры Руслан Мұқановтың құрметіне арналған қоян-қолтық ұрыстан XV халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 220-дан астам спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының «Burkit Team» командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Турнирдің басты мақсаты — жастарды патриотизмге, спорт пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақты дене шынықтырумен және жекпе-жек спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға баулу.

Жарыс сегіз салмақ дәрежесінде өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери қызметшілері өз бөлімдерін абыроймен танытып, бірқатар жүлделерге ие болды.

Жеке біріншіліктің нәтижелері:

  • 67 келіге дейінгі салмақ бойынша Ұлттық ұлан академиясының курсанты қатардағы Айдын Кабдусалимов — 1 орын
  • 67 келіге дейінгі салмақта 6697 әскери бөлімінің қызметшісі қатардағы Жандос Ғалымжанов — 2 орын
  • 73 келіге дейінгі салмақта Ұлттық ұлан академиясының курсанты, қатардағы Байбол Қуанышов — 1 орын
  • 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 6697 әскери бөлімінің қызметшісі қатардағы Жарас Сағын — 3 орын
  • 80 келіде 6697 әскери бөлімінің қызметшісі қатардағы Нұрбол Яхияханов — 1 орын
  • 88 келіге дейінгі салмақта Ұлттық ұлан академиясының курсанты қатардағы Тамерлан Жолдыбай — 2 орын
  • 97 келіге дейінгі салмақ бойынша Ұлттық ұлан академиясының курсанты қатардағы Искандер Жайқабаев — 2 орын

Осылайша, ұландықтар тағы да өздерінің жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын дәлелдеді — бұл спорт ареналарында да, Отанға қызмет етуде де айқын көрініс тапты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -