Қазақстанда Alem.AI және Astana Hub базасында Groq компаниясының пилоттық жобалары іске қосылады

1089
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен АҚШ-тың Groq, Inc. компаниясы озық есептеу жүйелері мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құжат Қазақстанда Groq инфрақұрылымын орналастыруды, Alem.AI және Astana Hub базасында пилоттық жобаларды іске қосуды, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулер (HPC),  жасанды интеллектіні дамытуға арналған ұлттық және өңірлік бағдарламаларды қолдау үшін «бұлтты» деректер орталықтарын құруды көздейді.

Сонымен қатар, Groq Қазақстанда технологияларды жергіліктендіруді және бірлескен жобаларды дамыту үшін инновациялық орталық немесе ресми өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -