Қазақстан мен Қытай құрылыс саласындағы цифрландыру бойынша ынтымақтастықты дамытып жатыр

1166
Фотосурет: Gov

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Бейжің қаласында өткен «Қытай — Орталық Азия: құрылыс саласындағы ынтымақтастық» конференциясына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бағдарлама аясында «Ыңғайлы тұрғын үй мен тұрақты ақылды қала үшін технологиялар: құрылыс саласындағы озық тәжірибе мен технологиялар алмасу» атты конференция және «Қытай — Орталық Азия: құрылыс технологиялары мен индустриясы мәселелері» атты кездесу өтті. Іс-шаралар Xinjiang Plaza алаңында ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ инновациялық және «жасыл» технологияларды енгізуге, құрылыс саласын цифрландыру мен жаңғырту тәжірибесімен алмасуға бағытталды.

Қазақстанның конференцияға қатысуы бірлескен жобаларды дамытуға, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға және серіктестік қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -