Астанада коммуналдық қызметтер қар мен көктайғақтан тазарту жұмысын тәулік бойы үздіксіз жүргізіп келеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды DKNews.kz.


Түнгі ауысымда қала аумағынан 1254 жүк көлігі немесе 16 мың текше метр қар арнайы полигондарға шығарылды.
8 қарашаның таңынан бастап қар күреу жұмысына үш мыңға жуық жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған.
Қыс маусымы басталғалы бері елордадан 138 мың текше метрден астам қар (4179 жүк көлігі) шығарылды.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазартылады.
Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарларға шықпауға шақырады.