«Заң және тәртіп»: Астанада жастардың құқықтық сауаттылығы артып жатыр

1144
Фотосурет: Gov

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Байқоңыр ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп, «Esil University» базасында «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуге қатысқан студенттерге есірткі қылмысына, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тартылудың тәуекелдері мен қауіптері түсіндірілді. Сондай-ақ, киберқылмыс мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында прокуратура түсірген және танымал блогерлер қатысқан бейнероликтер көрсетілді.

«Заң және тәртіп» жобасын іске асыру шеңберінде әкімдік, прокуратура және полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық кездесулерді аудандағв мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындарында тұрақты түрде өткізіп келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -