Қар ма, әлде қар аралас жаңбыр ма? Аймақтар бойынша толық ауа райы болжамы

726
Фотосурет: DKNews.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 қаңтарда тұман мен боран туралы ескертеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Республика аумағының басым бөлігінде қар жауады, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте жаңбыр аралас қар күтіледі.

Ел бойынша тұман болжанады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта — жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста — көктайғақ, ал шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста — желдің күшеюі күтіледі.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:

Алматы қ.: түнде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Шымкент қ.: түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде Түркістан облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қатты қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарныда тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с.

Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз батысында, оңтүстігінде көктайғақ, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз Жарма ауданында екпіні 15-20 м/с.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -