Жүргізушілерге жағымды жаңалық: екі облыста тасжолдар ашылды

1815
Фотосурет: freepik.com

Солтүстік Қазақстандағы тасжолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылғы 25 қаңтар сағат 10:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады.

Қостанай облысы:

  • «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 555 — 729 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • «Мамлютка — Қостанай» автожолының 180 — 403 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін);
  • «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8 — 232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
  • «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 418 — 539 шақырым аралығы (Қостанай қаласынан Қарабалық кентіне дейін);

Ақмола облысы:

  • «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304 — 341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолының 2 — 50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0 — 61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856 — 917 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін);
  • «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377 — 595 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
  • «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232 — 260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -