Денсаулық сақтау министрлігі ЕАЭО аясында дәрі-дәрмектерді тіркеу үдерісін жеңілдетті

836
Фотосурет: UKIMET

Қазақстан ЕАЭО шеңберінде дәрі-дәрмектерді тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл шара тіркелген препараттар санын 60%-қа арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов және «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Тимур Мұратов баспасөз мәслихатында Қазақстанның бүгінде санитариялық авиацияның жайлы ұшақтарымен шетелден өз азаматтарын тасымалдауға мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Іргелес жатқан көрші мемлекеттерде мұндай мүмкіндіктер кең қарастырылмаған. Бір рейске шамамен 50-60 млн теңге жұмсалады. Ол мұндай операциялардың құнына қарамастан, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мемлекет үшін басымдық болып қала беретінін баса айтты.

Сондай-ақ елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 20 476 түрі тіркелгені, оның 15%-дан астамы қазақстандық өндірушілердің үлесіне тиесілі екенін айтты. ДДҰ ұсынған маңызды дәрілік заттар тізімінің 37%-ын отандық өнімдер құрайды.

Вице-министр ЕАЭО шеңберінде дәрі-дәрмектерді тіркеу бойынша белсенді жұмысты атап өтті. Бұл шара тіркелген дәрілердің жалпы санын 60%-ға арттырады, оның 300-ден астамы – қазақстандық өнім. Процесті жеделдету үшін сараптамалық бағалау құны 90%-ға төмендетіліп, арнайы байланыс орталығы құрылды.

Нұрлыбек Асылбеков келесі жылы ҚҚС төлеуден босатылатын дәрі-дәрмектер тізімі туралы баяндады. Оның айтуынша, ТМККК мен МӘМС шеңберінде қарастырылған дәрі-дәрмектер, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қосылған құн салығынан толығымен босатылады. Қазіргі таңда тиісті Үкімет қаулысы дайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -