2 миллионға жуық қазақстандық тұмауға қарсы вакцина алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жыл сайын елімізде 4 млн-ға дейін ЖРВИ, 2 мыңға дейін тұмау жағдайлары тіркеледі. Бұл-қалыпты жағдай. Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды апта сайын бақылайды. Ел аумағында ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал күзгі-қысқы мезгілге тән деңгейде. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Биыл қыркүйектен бастап елімізде ЖРВИ-дың 1 278 745 ЖРВИ жағдайы тіркелді, бұл 2024-25 жылғы эпидемиологиялық маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 19%-ға төмен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 748 761 жағдай тіркелді» Сархат Бейсенова
Биыл 30 қазан мен 30 қараша аралығында республикада 150 605 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта елде жыл сайын күзгі-қысқы мезгілде айналымда жүретін маусымдық вирустың түрі – А (H3N2) типіндегі криптің 304 жағдайлары зертханалық расталып отыр. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 173 жағдай тіркелді. Биыл тұмау циркуляциясы өткен маусымға қарағанда ертерек басталды. Алғашқы жағдайлар қазан айының басынан бері, ал былтыр қарашада тіркелді. H3N2 тұмау вирусы жаңа штамм емес, ал аурудың көріністері – әдеттегідей белгілері болады.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес ағымдағы эпидемиологиялық маусымда тұмау вирусының үш штаммы – A (H1N1), A (H3N2) және B өзекті болады. Олардың барлығы аурудың ауыр түрлерінен қорғауды қамтамасыз ететін тұмауға қарсы вакцинаның құрамына енгізілген. Коронавирус инфекциясы туралы айтатын болсақ, маусым басталғалы бері 84 жағдай тіркелді» Бас санитариялық дәрігер
Халықтың ең осал топтарын қорғау үшін мемлекеттік тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютор Гриппол+ вакцинасының 2,1 млн дозасын сатып алды. Бұл халықтың 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде республикада 1 919 417 адам егілген.
Вакциналау медициналық қызметкерлердің, медициналық ұйымдардың бақылауында тұратын балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық - әлеуметтік мекемелердегі адамдар, мүгедектігі бар адамдар, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарға тегін негізде жүргізіледі.
Тұмауға қарсы вакциналау алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында және жеке меншік медициналық орталықтарда ақылы негізде қолжетімді. Азаматтар вакциналарды ақылы негізде алу туралы ақпаратты жергілікті денсаулық сақтау басқармаларынан біле алады.
Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында балалар мен қызметкерлердің сырқаттанушылығы мен олардың қатысуы күнделікті бақыланады. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың ауру жағдайлары бір сыныпта 20%-дан аспайды.