Алатауда мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті

539
Фотосурет: Gov

Жетіген гарнизонының 53975 әскери бөлімінде Қарулы күштер қатарында борышын өтеген сексеннен астам сарбазды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бригаданың басшылық құрамы жауынгерлерге қызметке жауапкершілікпен қарағандары, әскери антқа адалдық танытқандары және қойылған міндеттерді абыроймен орындағандары үшін ризашылығын білдірді.

– Бұл жыл сіздер үшін ерлік пен тәртіптің нағыз мектебі болды. Ұжымда бірлесе жұмыс істеуді, жолдастық пен достықты қадірлеуді үйрендіңіздер. Әскери қызметте алған тәжірибе алдағы өмір жолында кәдеге асатынына сенімдімін. Сіздер әрдайым біздің үлкен отбасымыздың ажырамас бір бөлігі болып қала бересіздер, – деді 53975 әскери бөлімі командирінің орынбасары полковник Масат Уайс.

Салтанатты шара барысында Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтіп, қызметте ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге алғыс хаттар табыс етілді. Тәртіптілігі, жоғары қызметтік көрсеткіштері және міндетіне адалдығы үшін төрт сарбаз еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу сертификатына ие болды.

Армияда жинаған білім мен тәжірибе олардың болашақ өмірінде сенімді тірек болмақ. Жас сарбаздар күштік және мемлекеттік құрылымдарда қызмет етіп, азаматтық салада еңбек ете алады немесе жоғары білім алу арқылы өз мақсаттарын бағындырмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -