Батыс Қазақстан облысында барлық көлік түрлерінің қозғалысына қайта рұқсат берілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылғы 15 қараша сағат 08:00-де Батыс Қазақстан облысында ауа райының тұрақтануына байланысты келесі учаскелерде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:
- "Атырау-Орал" автожолы, 372-492 шақ., (Чапай ауылынан Орал қаласына дейін);
- "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым ө/п)" автожолы, 195-246 шақ., (РФ шекарасы Сырым ө/п - Орал қ. МАИ бекеті).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.