Қазақстанда скрининг жаңа бағдарламалар енгізілуімен дәлірек әрі заманауи бола түсті

528
Фотосурет: pixabay.com

Қазақстанда денсаулық скринингі бағдарламалары жаңартылды. Өзгерістер ауруларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға және халықты қамтуды кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дәлелді тиімділігі бар зерттеулер енгізілді, соның ішінде: – ТТЛП (төмен тығыздықтағы липопротеидтер), – триглицеридтер, - гликирленген гемоглобин.

Скринингке қатысу жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды, бұл профилактикалық бағдарламаларға егде жастағы адамдарды көбірек тартуға мүмкіндік береді.

Арнайы мамандардың негізсіз консультациялары алынып тасталды. Егер зерттеу нәтижелері қалыпты болса, скринингті мейіргер — басқа мамандарға жолдамасыз аяқтауы мүмкін .

Цереброваскулярлық бұзылулардың алдын алу үшін МӘМС-ке 50 + ерлерге арналған жаңа скрининг енгізілді: брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі екі жылда 1 рет.

Қыркүйек айынан бастап онкоскринингтердің барлық кезеңдері ТМККК шеңберінде қолжетімді болды, бұл зерттеп-қараудан өтуді жеңілдетеді және халыққа қаржылық жүктемені азайтады.

Жаңартылған стандарттар скринингтерді дәлірек, заманауи және пациенттерге ыңғайлы етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -