«Алматы – Қонаев» автожолы бойында ауқымды сенбілік өтті

495
Фотосурет: Gov

Жыл басынан бері облыс бойынша акцияға 800 мыңға жуық адам, 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 4 мыңға жуық техника жұмыс істеген, деп хабарлайды DKNews.kz.

11 мың тоннадан астам қоқыс жиналған.

Сондай-ақ 109,8 мың ағаш егіліп, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 1090 тарихи-мәдени ескерткіш және 1055 әлеуметтік нысан тазартылған.

 "«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда. Онлайн-платформа арқылы да жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Telegram-ботқа 1123 өтініш келіп түсті, оның 880-і орындалды, 233-і кері қайтарылды, ал 10-ы орындалу үстінде. Бүгін осы жылғы соңғы сенбілікті өткіздік. Ауа райының қолайсыздығына бойланысты акция аясындағы жұмыстарды келесі жылы жалғастыратын боламыз", – деді облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының көгалдандыру және абаттандыру бөлімі басшысы Бекзат Кәрімов.
"Бүгін әріптестерімізбен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында өткізіліп жатқан сенбілікке қатыстық. Мұндай шаралардан қалыс қалған емеспіз. Еліміздің таза болуына әрбір азамат үлесін қосуы керек", – деді шараға қатысқан Ермек Ибрагимов.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -