Қазақстандық педагогтар жапон балет делегациясына мастер-класс өткізді

594
Фотосурет: Gov

Қазақ ұлттық хореография академиясында жапондық балет мектебінің оқушыларына арналған шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Yoshiko Takagi Ballet School делегациясы құрамында 23 оқушы және 3 педагог болды. Олар жыл сайын Академия базасында өтетін күзгі мектеп бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама аясында қонақтарға классикалық және ұлттық-сахналық би бойынша шеберлік сағаттапы ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар ел мәдениетімен, елорда сәулетімен танысып, Астананың көрікті жерлерін аралады.

Жапон балет мектебінің өкілдері қазақстандық балет мектебінің кәсіби деңгейін жоғары бағалап, Академияның халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін және хореография өнерін дамытуға қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -