Көкшетауда куәгер үш баланы құтқарды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Көкшетау қаласының тұрғыны Сергей Цупкин Қылшақты өзенінің жағасында жүргенде кездейсоқ мұз үстінде жүрген үш кәмелетке толмағандардың суға құлағанына куә болды.
Сергей ойланбастан оларға көмекке жүгірді. Оның әрекеттерінің арқасында үшеуі де жағаға шығып, жақын жердегі жылы жерге жеткізілді.

Бүгінгі таңда үш кішкентай азаматтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, құтқарушының арқасында олар уақытында медициналық көмек алды.

Сергейдің өзі әлеуметтік желілердің арқасында табылды. Біздің кейіпкеріміз соңына дейін жасырын болып қалуға тырысты, алайда оны Ақмола облысының ТЖ департаментіне шақырып,оған салтанатты түрде алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов Департамент атынан оған үш адамның өмірін сақтап қалғаны үшін алғысын білдіріп, бұндай батыл қадамға кез келген адам бара бермейтінін атап өтті. Сергей Цупкин кейінірек берілетін мемлекеттік наградаға да ұсынылады.