Батыс Қазақстан облысында жалған студенттердің стипендиясын қолма-қол ету схемасы әшкереленді

440
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

 «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын) директоры оқу процесіне қатыспаған 54 тұлғаны жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген.

Соған қарамастан, аталған тұлғалар белсенді студенттер ретінде көрсетіліп, олар бойынша жалған бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген (жекелеген жағдайларда — көтеріңкі мөлшерде).

Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған.

Нәтижесінде колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.

Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай жария етілмейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -