Қазақстан екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қытай компанияларының қосқан үлесін атап өтті

506
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 15 қазандағы №1047 жарлығына сәйкес, ҚР Президентінің халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі М.Нұртілеу бірқатар қытай компанияларының басшыларын II дәрежелі «Достық» орденімен салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Жоғары мемлекеттік наградалармен Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестігін нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға елеулі жеке үлес қосқаны үшін келесі тұлғалар марапатталды:

  • «CRRC» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Юнцай;
  • «Power China» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Дин Яньчжан;
  • «China Energy Engineering Corporation» компаниясының Президенті Ни Чжэнь;
  • «Sany Group» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Сянь Вэньбао;
  • «China Railway Asia-Europe Constraction Investment» компаниясының Бас директоры Чжоу Хайвэй.

Достық орденімен қоғамдағы өзара келісімді сақтау жөніндегі жемісті қызметі, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген сүбелі еңбегі үшін азаматтар марапатталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -